ҚР Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қаралды. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев: «Келісімге Ереван қаласында 2016 жылғы 20 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қол қойды. Құжат заңды және жеке тұлғалардың қызметтік немесе азаматтық қаруды әкетуге немесе әкелуге, транзиттеуге, аң аулауға, спорттық шараларға, жөндеу мен бөлшектерді ауыстыруға рұқсат беруді көздейді. Еуразиялық экономикалық комиссиясы бекіткен жоспар бойынша Ішкі істер министрлігі заңды тұлғаларға қаруды сату үшін әкелеуге немесе әкетуге, транзиттеуге, қаруды зерттеу мақсатында уақытша алып кетуге рұқсат береді. Ал ішкі істер департаменттері жеке тұлғаларға қарудың бір ғана данасын беруді, оны жөндеу үшін уақытша алып кетуге рұқсат етеді. Сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттерге тыйым салынған және сатуға шектеу қойылған азаматтық, қызметтік қарулар, яғни тасымалдауға тыйым салынған 16 және рұқсат берілген 34 қарудың атауы бар. Тыйым салынғандар арасында қарумен қатар, оқ-дәрілер қамтылған. Осы орайда оқ-дәрілердің ішінде құрыш бұзар және жарқырағыш оқтарға шектеу ескерілген. Ал қару бойынша мылтық ұңғысының ұзындығы мен автоматты қару-жараққа шектеу бар»,— деген ақпаратпен бөлісті. Келісімді ратификациялау осы қару түрін ЕАЭО-ға қатысушы елдердің аумағында өткізуді оңайлатуға, нақты айтқанда қаруды әкелу және әкету үшін рұқсат беру құжаттарын беру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз