БАҚ өкілдерінің сауалына түсінік берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев: «Әзірше бензин мен дизель отыны бағасының шарықтап кетуіне ешқандай алғышарт жоқ. Қазіргі уақытта бірқатар фактор бар. Оны біз сараптап жатырмыз»,— деумен ғана шектелcе, ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов жанар-жағармай бағасының өсу себебін: «Қазіргі таңда біз бензин мен дизельді отынды Ресейден импорттауға мәжбүрміз. АИ-92 маркалы бензин бойынша – 30 пайыз, дизель отыны бойынша – 15 пайыз. Жыл бойы зауыттар кестеге сәйкес тоқтайды, бұл жоспарлы шара. Қазір дәл осындай кезең. Мәселен, Атырау зауытында тамыз айынан 18 қыркүйекке дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, Павлодар зауыты 20 қыркүйектен 25 қазанға дейін жөндеу жұмыстары үшін жабылады. Осы аралықта бұл зауыттар өндірмейтін көлемді біз Ресейден импорттауға мәжбүрміз. Зауыттардағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты қазір Ресейден импортталатын бензиннің үлесі артты, соған сәйкес баға да өседі. Жанар-жағармайдың бұлайша қымбаттауы маусымдық сипатқа ие, яғни зауыттардың тоқтауына байланысты. Бірақ, қазан айының соңына қарай жағдай түзеледі деп ойлаймыз. Естеріңізде болар, 2015 жылдың шілдесінде біз АИ-92 маркалы бензин бағасын мемлекет тарапынан реттеуді тоқтатып, еркіне жібердік. Ал 2016 жылдың тамызында дизель отынына қатысты осындай шара қолданылды. Бірақ, бүгінгі таңда аталған мұнай өнімдерінің бағасы тек нарықпен реттеледі. Министрлік мұны бақыламайды»,— деумен түсіндірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз