Үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов: «Салықтық өзгерістер идеологиясы адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталады. Барлық түсініксіз және олқы тұстар салық төлеушілердің пайдасына шешіледі. Егер салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет етсе, оған айыппұл мен өсімпұлды қолданбау ұсынылады. Үстеме төлемнің дәлелділігіне талап күшейтіледі. Енді салықтық тексерудің актісінде сәйкесінше дәлелдер болуы тиіс. Бизнеске заңнамадағы өзгерістерді түсіндіруге көбірек уақыт берілсе, салық кодексінің құрылымы өзгертіліп, әрбір бөлім дербестендіріледі. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салықтық режимдерді сақтау қарастырылған. Жаңа баламалы тәртіп ұсынылуда. Бұл айналымы үлкен, бірақ аз пайда табатындар үшін тиімді. Ол өз түсімінің жартысын растаусыз шегеруі мүмкін. Ал егер шығындарының есебін жүргізсе, оған бұл үшін сыйақы алады. Салық төлеушілерге режимді таңдауға мүмкіндік беріледі. Жұмыс тобы үйлесімді жаңа құжат әзірлеуге қол жеткізді,  өзгерістер дауларды азайтып, тексерулерді шектейді деп есептеймін. Жаңа өзгерістер инвестиция тартып, еліміздегі шикізатты игеруге серпін береді»,— деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз