Алматыда өткен сот барысында судья Дәурен Мәукеев: ««Мамайдың айыбы сот барысында толық дәлелденді, бірақ отбасылық жағдайына байланысты жазасы жеңілдетілді»,— деп мәлімдеп, кезінде «Әблязовтың ұрлаған қаржысының бір бөлігінің ізін газеті арқылы жасырған» деген айыппен істі болған журналист Жанболат Мамайды шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан, 3 жылға журналистік қызмет істеу құқықығынан айыруға үкім кесіп, оны сот залынан босатты. Мамайдың жеті айға жуық уақытын абақтыда өткізгендіктен, енді қалған жаза мерзімін 2 жыл 5 ай 5 күнде өтейді.  Бұған дейін Жанболат Мамай өзінің Мұхтар Әблязовпен қандай да бір байланысы барын жоққа шығарған еді. Журналиске қатысты қылмыстық іс Мұхтардың оң қолы деп саналған Жақсылық Жарымбетовтің куәлік етуіне негізделіп қозғалған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз