top news on a newspaper page

*Латын әліпбиіне көшу үшін бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінбек.

*ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев: «Жергілікті әкімдерге қажеттілікті негіздеу арқылы халықты керек жайылымдар мен жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажетті жер учаскелерімен қамтамасыз ету үшін жеке меншіктегі және пайдаланудағы жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына жатқызу арқылы алып қою мүмкіндігі берілетін болады»,— деп мәлімдеді.

* Елде ағымдағы жылы 2,4 мың шаршы шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Жол жөндеуді қаржыландыру бір жылдың ішінде 60 пайызға өсті. Ол 160,7 миллиард теңгені құрайды, яғни бұл жұмысқа шығатын шығын былтырғыдан қымбатқа түспек.

*Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Инстаграмдағы парақшасында: «Ахмат-Қажы Қадыров атындағы аймақтық қоғамдық қоры Бангладешпен шекаралас Ракхайн штатының лагерьлерінде қоныстанған  15 мың Мьянма босқындарына гуманитарлық көмек жіберуді бастады.  Олар жақында азық-түлік, қазанның басында киімдер алады»,— деп жазды.

*Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қарызы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазір ресми Вашингтонның берешегі 20 триллион долларды құрайды. Standard & Poors халықаралық агенттігі қарыз шегі көтерілмесе, АҚШ-тың жағдайы мүшкіл болатынын ескертті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз