Елбасы Н.Ә.Назарбаев:
«Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі — саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық — тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз. Мен еліміз мықты әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім».


Дәл осылай басталатын Елба-сымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде талқылап, қолға алып жатқаны қуантарлық жайт. Әсіресе «Нұр Отан» партиясы ерекше ықылас танытып, Елбасының мақаласын халыққа түсіндіріп, арнайы әр облысқа барып, іс жүзінде қалай орындалып жатқанын қадағалап келеді. Осыған орай, Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Нұр Отан» партиясы филиалының кезектен тыс ХХ конференциясы өтті.
Конференция барысында:
1. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы.
2. «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясына делегаттарды сайлау туралы.
3. «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының Саяси кеңесі және Саяси кеңес Бюросының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелерді талқылады.
Медеу ауданы бойынша 130 делегат сайланған, оның 125-і жиналысқа қатысты. Конференция барысында «Болашаққа көзқарас: қоғам санасын модернизациялау» бағдарламасының қалай жүріп жатқаны және Жылқыбаев Ержан мырза, ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, ҚР еңбегі сіңген қайреткері А.Т.Миразова, оқушылар сарайының директоры А.Б.Байсымақова, «Жас Отан» ЖК белсендісі, ҚазҰАУ студенті А.Мақашев өз баяндамаларын жасады.
Баяндама жасаушылардың ішінен ерекше көсіліп, шешіле сөйлеген «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің студенті А.Мақашев болды. Ол өз қатарындағы жастар атынан сөйлей келе, біздің қоғамдағы өзекті тақырып болып тұрған кирилл әліпбиінен латыншаға өту мәселесіне ерекше тоқталып, өз ойын ашық білдіре кетті. Сөз кезегінде аудан әкімі Е. Жылқыбаев Абай университетінің ұжымы мен директорына алғыс айтты.
Конференция барысында біршама кадрлық өзгерістер енгізді. Атап айтап болсақ, Серік Жайлауұлы Прәлиев, Арман Бейсенбайұлы Халбеков және Зарема Кәукенқызы Шаукенова босатылуына байланысты, Такир Оспанұлы Балықбаев, Меруерт Серікқызы Мұқанова және Динара Досалықызы Мырзахметова «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының Саяси кеңесі құрамына мүшелікке өтті.
«Нұр Отан» партиясы Жарғысының 9.6 тармағына сәйкес, Т.Есбергенова, Н.Селютин, Б.Оспанова, Е.Еркінбаев, М. Мұқанова, Д.Өмірзақов, А.Нәбиев, Л.Климко, А.Катаев, Қ.Қасымов, С.Джундубаева, Д.Шамгуновтар делегат болып сайланды.
Партия Т.О.Балықбаевтың, А.Т.Миразованың, А.Б.Байсыма-қованың және А.У.Мақашевтің сөздері мәліметке алынып, аудан-ның бастауыш партия ұйымдары «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру және жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғыстыру мәселесі қолға алынсын! Бұның орындалуы «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалына жүктелсін деп қаулы етті.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы маусымда ұйымдастырған «Медеу ауданының үздік бастаушы партия ұйымы» атты конкурста жүлделі болған партияларды құттықтап, алғыс хатпен қоса кішігірім сый тарту етті.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі болғандарға да арнайы партия билетін табыс етіп, еліміз үшін адал қызмет атқаруын тіледі.

Айман Рамзия

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз