top news on a newspaper page

*Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов: «Ағымдағы жылдың 8 айында 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, 18 млрд теңгеге 94 объект сатылды. Ал 111 объекті қайта құру және тарату сатысында тұр. Жылдың аяғына дейін 282 объектіні сату жоспарланып отыр»,— деді.

*Үкімет отырысында 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын талқылау кезінде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді: «Енді 62 елдің азаматы Қазақстанға 30 күнге визасыз кіре алатын болды. Оның ішінде 20 елмен өзара визасыз режим орнатылды»,— деп мәлімдеді.

*АҚШ Сенаты Киевке қауіпсіздік пен қорғаныс саласына қолдау ретінде 500 миллион доллар бөлді. Аталған көмекте «қорғанысқа арналған ұшатын қару-жарақты» жеткізу, сонымен қатар Украинаның авиациясы мен теңіз әскерін күшейту,  жаралы украин сарбаздарының АҚШ-тың медицина мекемелерінде ем алуы қамтылған.

*Ереван мен Баку Таулы Қарабақ территориясының кей бөліктерін Әзірбайжанға қайтару мәселесін талқылап жатқан көрінеді. Бірақ, әңгіме қауіпсіздік жағынан Қарабаққа қатер төндірмейтін территориялар туралы ғана болып отырса керек.

*БҰҰ құрамына кіретін Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) әлемдегі құлдарды санап шығыпты. ХЕҰ ХЕҰ баяндамасында: «Ең көп құлдар Африкада, сосын Азия мен Тынық мұхиты елдерінде тіркелген»,— деп жазылған.

*Испанияның Marca басылымы: «Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінде кім қанша сыйақы алғандығы ресми жарияланбаса да, «Канело» — 25, Головкин — 10 миллион доллар пайда тапқан. Осы бәсекеде PPV-сатулар 100 миллион доллар пайда әкелген. Әрине, оның пайыздары боксшыларға да берілетін болады»,— деп жазады.

* ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясында болған кезінде сенатор Дариға Назарбаева: «Қазіргі уақытта дамыған елдердің қарулы күштері қымбат техникалар мен электроникамен жабдықталуда. Еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру өте үлкен қаражатты қажет ететінін білеміз. Бірақ, мықты армия соғыс үшін емес, қорғаныс үшін қажет», — деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз