«Обозреватель» басылымы: «Атышулы ресейлік актер Алексей Панин өз бағдарламасы барысында қазақ ұлтына тіл тигізді. Бұған дейін де  өзінің түрлі бейәдеп әрекеттерімен қалың жұртшылықтың ашуына тиген Панин жеке бағдарлама ашып та үлгеріпті. Онда ол балағат сөздерді жиі айтып, қоғамдағы түрлі жайттарға қатысты өз ойын білдірмек болады. Алайда бағдарламаның екінші түсірілімі барысында желі қолданушылары оны қазақтардың намысына тиетін сөздер айтқаны үшін сынға алды. Онда ол тек қазақтарға ғана емес, эстондықтарға қатысты да өзінің жағымсыз пікірін білдірген. Оның жаңа ролигін желіде 200 мыңға жуық қолданушы қарап үлгерген. Бағдарлама аясында ол Apple компаниясы шығарған Iphone X  моделінің таныстырылымы туралы айта келе, ондағы адамның бет-әлпетін тану (Face ID) функциясына тоқталған. Телефонның ерекшелігі сол, телефонды бұғаттан шығару үшін адам оны бетіне тақау керек болады. Дәл осы тұста ол қазақтарға қатысты әзіл айтқан. Оның айтуынша, Скриптонит есімді Қазақстаннан шыққан рэпердің достары оның телефонын оп-оңай бұғаттан шығара алады. Себебі қазақтардың барлығының бет-әлпеті бірдей. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан актерді біздің СІМ неге айыптамайды? Намысқа тиетіні де осы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз