Тіл мерекесіне орай әр мекеме түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатыр. Солардың бірі болып Алматы қаласындағы Достық үйінде «Қазақстан — ортақ шаңырағым» атты фестиваль өтті. Атауы айтып тұрғандай, фестивальға Қазақстанда тұратын әр ұлттың өкілдері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Осы шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары А.М.Хамедовпен қоса Қазақстан халқы Ассамбеясының жетекшісі Н.А. Балғынбаев және тағы басқадай этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, жетекшілері сөз сөйледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы Асылы Әлиқызының әсерлі сөзінен үзінді келтірсек:
— Қазақстанда өмір сүріп жатқан әр ұлт өкіліне еркіндік беріп, өз ана тілдерінде оқуға мүмкіндік берді. Ал басқа елдер осындай кеңшілік жасап жатқан жоқ. Сондықтан бұл мерекенің орны ерекше. Ұлтты ұлт етіп сақтайтын — тілі. Мемлекетті мемлекет етіп көрсететін — тарихы. Қазақстандағы қаншама ұлттың өкілі болса, соншама еркіндік пен теңдік бергеніне рақмет айтамыз.
Бұл іс-шарада этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, жетекшілерімен қоса тіл жанашырларын Достық үйінде жинаған шараның ұйымдастырушы Алматы қаласының әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету бөлімі де болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз