Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Акжол ДС» ЖШС өкілдері М.Ыбышев мен Б.Жақпаровтан 17 миллион теңге көлемінде пара алған «Қазақавтожолдың» Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Ғ.Мұқанов пен оның орынбасары Е.Отаровты ұстады. Ақшалай қаражат Қызылорда-Қарағанды-Павлодар автожолының жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін берілгені айтылады»,— деп хабарлайды. 15 қыркүйекте М.Ыбышев, Б.Жақпаров, Н.Мұқанов, Е.Отаров ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібінде ұсталып, Қарағанды қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 16 қыркүйекте барлық күдікті соттың шешімімен қамауға алынды. Қазір соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз