Құрамы:
3-4 картоп, 1 пияз, 2 ас қасық сары май немесе жарты кесе қаймақ, 1 шай қасық тұз, 5-6 тал аскөк немесе 5-6 жапырақ петрушка.

Дайындау процесі:
Қабығы аршылған картоп тұтас асылады. Пияз дөңгелектеп туралады да, буға қойып, шала пісіріледі. Содан соң піскен картоп сол тұтас күйінде, шала пісірілген пияз тәрелкеге салынып тұздалады, бетіне ұсақталған аскөк не петрушка себіледі де, үстіне сары май немесе қаймақ құйылады. Дастарқанға таба нан қоса әкелінеді.
Ас болсын!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз