Бір нәрседен сескеніп немесе жиіркеніп қалған кезде ұшық шығады. Медицина тілімен айтқанда вирустың иммунитетке қарсы әрекетінің нәтижесі. Оны кейде «герпес» деп те атайды. Грек тілінен аударғанда «бөртпе» деген мағынаны білдіреді. Оны безеумен шатастырып алатын кездеріміз де болады. Жоғарыда аталған вирус адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Әсіресе иммунитеті төмен адамдарда. Оның өзгелерге жұғу қасиеті бар. Сол себепті жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтаған абзал. Герпес вирусы көп жағдайда толықтай кетпейтіндіктен, оны төмендегі әдістерді пайдалана отырып толықтай емдеген жөн:
1. Құрамында докозанолы бар кремді қолданып көріңіз. Оны жарақаттанған теріге күніне 5 рет жағуыңызға болады.
– Қандай мөлшерде қолдану керектігін нұсқаулықтан оқып біле аласыз;
– Сертификатталған өнімдердің құрамында міндетті түрде докозанол (бегениловый спирт) болады;
– Докозанол ауырсынуды басып, жайлылық сезімін сыйлайды;
– Ауруды алғашқы белгілері көріне бастағаннан-ақ емдеген жөн.
2. Қан тоқтататын қарындашты пайдаланыңыз. Оның көмегімен жараланған терінің үстін күніне 2 рет сызыңыз.
– Әдетте мұндай қарындаштармен кішігірім пышақтан алынған жарақаттарды емдейді. Ол терінің жылдам жазылуын қамтамасыз етеді;
– Бірақ қарындашпен жараның үстін сызған кезде аздап күйдіретінін ескеріңіз.
3. Құрғататын құралдарды пайдаланыңыз. Ол үшін құрамында 70% медициналық спирті бар дәріні алуыңызға болады.
– Жараның үсті құрғаған соң, бактериялар ішіне ене алмайтын болады.
4. Бөрткен жерлерін вазелинмен өңдеңіз. Оны жаққан кезде қолдарыңызды жууды ұмытпаңыз.
– Жайсыздықтан арылу үшін вазелин немесе өзге де аналогиялық заттарды пайдалануға болады. Мұнымен қатар вазелин патогендік микроағзалардан қорғайтын жабынды іспетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз