«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысын бақылау бойынша «Нұр Отан» партиясының мәжілістегі фракциясы жанындағы комиссия отырысы өтті. Депутаттар бұл бағдарламаның шын мәнінде халыққа қаншалықты шарапаты тиіп жатқаны жайлы сұрап, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы берілетін пайызы төмен несиелер көбейсе деген ұсыныстарын жеткізді. Осы мәселеге қатысты сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр: «Отандық банктер бүгінге дейін жеңілдетілген ипотекалық несие түрі арқылы баспаналы болғысы келетін бірнеше жүздеген адамнан өтініш қабылдаған. Жалпы сомасы 4,3 миллиард теңгені құрайды. Оның 4 миллиардқа жуығы қанағаттандырылды. ТҚЖБ 914 мың салымшы бар екен. Адамдар бұл бағдарламаны қуана қабылдап жатқанын біз салымдардың көптігінен байқауымызға болады. Дәл осы бағыт тұрғындар арасында өте танымал деп айтар едім және мұны дамытуға мүдделіміз. Мәселен, 2015-2016 жылдары қолжетімді бағадағы  19 200 пәтер нарыққа шығарылса, тек биылдың өзінде ғана мұндай «арзандатылған» баспаналар саны 15 мыңды құрайды»,— деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз