Электрэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазы: «Бүгінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі энергияны тұтыну көлемі есептелді. Онда ел экономикасының барлық салаларының дамуы, яғни жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы аясында қуат көздерін өндіру мөлшеріне болжам жасалды. Осы болжамға сәйкес, қазіргі электр стансаларының қуаты толығымен жетеді. Жаңа нысандарды салудың қажеті жоқ. Сондықтан энергияны тұтыну жағынан атом электрстансасына үлкен қажеттілік жоқ. Ал баламалы энергетиканы дамыту жағынан ондай құрылыстар қажет. Себебі, 2050 жылға дейін біз баламалы энергия көздерінің үлесін айтарлықтай ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Осы орайда атом көмірді алмастыра алады. Әзірше атом электрстансасын салу бойынша нақты жоспар жоқ. Аталған мәселе жан-жақты зерделеніп жатыр. Себебі атом электрстанциясы сияқты нысандардың қалдықтары болады»,— дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз