SOS балалар қалашығында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру жобасы ашылды. Жоба 01 тамыздан 31 қарашаға дейін жалғасады.


Әрбір бала бақытты балалық шаққа, отбасылы болуға лайықты деген ұранмен SOS Алматы балалар қалашығында жаңа жоба бастау алды. Жобаны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қаржыландыруда. Жоба балалар үйінен бала асырап алған, немесе асырап алуға ниеттеніп жүрген отбасыларға арналған. Басты мақсаты — балалар үйінен тәрбиеленушілерді асырап алған отбасыларға көмек көрсету. Жобада психолог, заңгер, әлеуметтік қызметші мамандары жұмыс жасайды.
Жақында “SOS Балалар қалашығы Алматы” базасындаЖетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру серіктестермен кездесу өтті. Кездесуге Балалар қалашығының қызметкерлері,«Нұр Отан» партиясы, Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдер баспанасы «Араша», Өмірлік қиын жағдайға тап болған ана мен бала қоғамдық бірлестігі «Асар», «Әскери заңгерлер Альянсы», Отбасын қолдау орталығы, «Болашақ» Қауымдастығы, «SOS жас көшбасшылары», №5 Қалалық емханасы , Облыстық қосымша Білім Орталығы «Дарын», «Ана үйі» қоғамдық қоры, “Бала отбасында өмір сүруі тиіс” қоғамдық қозғалысы қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты ұйым өкілдерін жобалармен таныстыру болатын. Іс-шара барысында Балалар қалашығында жұмыс жасап жатқан жобалармен таныстыру өтті. Жобаларды таныстырғаннан кейін серіктестік пен ынтымақтастық мүмкіншілік сәттері талқыланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз