sputniknews.kz: «Қостанайда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты үкім шығарылды. Олар Ресейден ұрланған автокөліктерді заңдастырумен айналысқан. Сотталғандардың үшеуі — бұрынғы полиция қызметкерлері. Басшысы — Артур Қалиев (іздеу жұмыстары жүріп жатыр) болып табылатын қылмыстық топ, жалған құжаттар жасап, автокөлік шанағындағы нөмірлерді «қырып», ұрланған көліктерді Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде сатқан. Бұл іспен Жанбек Ізтелеуов пен Абат Жармағамбетов айналысқан. Ұрланған көліктердің қатарында қымбат маркалы көліктер мен қатар қарапайым «ВАЗ» автокөліктері де болған»,— деп жазады.  Қостанай облысының Меңдіқара және Федоров аудандарында қылмыстық жоспар бойынша бұл іске жол инспекторлары Ерқанат Әбдікеров пен Есімжан Түкешов қатысқан. Олар ұрланған көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан. Сот оларды сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүліктерін тәркілеп, майор шендерінен айырды. Ізтелеуов бес жыл алты айға, ал Жармағамбетов бес жыл бір айға бас бостандығынан айырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз