Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев: «2017-2018 жылдардың сақтандыру қорларынан өңірлік тұрақтандыру қорына биылғы жылы 1255 тонна картоп және көкөніс өнімдерін сатып алуға шешім қабылданып, ағымдағы жылдың қазан айында тасымалдау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 575500 дана жұмыртқа өнімдері сақталуда. Меморандум негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұтыну бағалары индекстік  деңгейде қазан айында 109 пайыз болады деп болжануда»,— деп есеп берген. Оны мұқият тыңдаған  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев:  «Баяндамаңыз жақсы. Бірақ, инфляциялық ең жоғары 6 пайыздық көрсеткіш Атырау облысында. Себебін неге айтпадыңыз? Республика бойынша ең жоғары көрсеткіштің себебі неде?»,— деп сұрады. Сәлімжан Нақпаев өңірдегі инфляциялық көрсеткіштің жоғары болуына доллар құнының артуына әсер етті деп ақталуға тырысты. Бұған Бас уәзір: «Доллар бүкіл Қазақстан бойынша бірдей ғой. Бұл — облыста жақсы жұмыс жоқ деген сөз»,— деп, сөзді шорт кесті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз