АҚШ-тың Лас-Вегас қаласы полициясының ресми өкілі Джо Ломбардо: «Қаладағы қонақүй маңында болған атыстан қаза тапқандар саны 50 адамға жетіп, жараланғандар саны 100-ден асып кетті.  Шабуылға егізгі күдікті Mandalay Bay қонақүйінің 32-і қабатынан музыка фестиваліне қатысушыларға автоматтан оқ жаудырған. Күдіктіні көп ұзамай полиция атып тастады. Күдікті — жергілікті тұрғын. Құрбандар арасында музыка фестиваліне қызметінен тыс уақытта қатысып жатқан бірнеше полиция қызметкері де болған. АҚШ билігі қылмыскер жалғыз өзі әрекет жасады десе де, біз шабуыл кезінде қылмыскердің қасында болды деген күдікпен Мари Лу Данли есімді азиялық әйелді іздестіріп жатырмыз. Полиция қонақүй орналасқан ауданның бір бөлігін жапты. Халықаралық Мак-Карран әуежайына ұшып келетін кейбір рейстер басқа жаққа бағытталған»,— деп хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз