Бұл сауалға Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі: «Қазіргі таңда бұл мәселе мемлекеттік органдар тарапынан мұқият зерттеліп жатыр, күн тәртібінен түспейді. Осы ретте, әлеуметтік сауалнамалар қазақстандықтардың 85 пайызы  радикалды діни идеяларды қабылдамайтынын көрсетті. Қазіргі уақытта министрлік тарапынан осы бағыт бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Егер аталған іс-шаралар оң нәтижелерін бермесе, онда осы ағымға заңды түрде тыйым салу мәселесі қарастырылатын болады. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Дін істері басқармаларының соңғы деректері бойынша еліміздегі жат ағымның жетегінде кеткендердің саны 11000-ға жуықтаған. Діни ахуал белгілі бір өңірде өршіп тұр деу шындыққа жанаспайды. Ол еліміздің барлық аумағында   біркелкі. Әрбір облыс және үлкен қалаларда министрлік тарапынан құрылған сауықтыру орталықтары жұмыс жасауда. Олар жат ағымның жетегінде кеткендермен тығыз жұмыс жасап, діни сауатын ашумен айналысады. 2017 жылдың І жартыжылдығында радикалдық діни ағымдардан зардап шеккен 6600-ден астам адамға теологиялық және кеңес беру көмегін көрсетіліп, нәтижесінде 1134 адам теріс діни көзқарастарынан бас тартып, дәстүрлі ортаға оралды. Түзеу мекемелерінде жүргізілген кеңес беру және оңалту жұмыстарының нәтижесінде 281 адам радикалдық ойларынан қайтарылды. Радикалды діндерді насихаттау жолдары көбінесе ғаламтор арқылы жүзеге асуда. 2017 жылдың І жартыжылдығында 2751 интернет-ресурстар зерттелді, оның 1417-нің сілтемелеріне теріс қорытынды беріліп, ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетіне бұғаттау жұмыстарын жүргізу үшін жолданды. Ал, шетелде жиһад жолында жүрген Қазақстан азаматтарының саны туралы мәліметтерді беру министрлік құзыретіне кірмейді»,— деп жауап берді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз