АҚШ тарихындағы ең қанды атысты жасаған Стивен Пэддок ешқашан заңға қатысты айтарлықтай проблемасы болмаған, екі шағын ұшағы бар, жағдайы тым жақсы зейнеткер екен. 64 жастағы Стивен Пэддок зейнетке шыққанға дейін бухгалтер болып жұмыс істеген. Жеңіл моторлы ұшақтар жүргізуге және аң аулауға лицензиясы болған. Бұрын-соңды заңға қарсы ісімен көзге түспепті. Стивен Пэддок құмар ойындар ойнаған. Бауыры Брюс Пэддоктың айтуынша, күдікті миллиондармен жұмыс істейтін инвестор болған. Қарындасының сөзіне қарағанда, ол қару-жарақты жақсы көрген. Бұл оқиғамен айналысушы лауазымды тұлғалардың бірі Пэддоктың өзінде де психологиялық проблемалар болғанын айтады. Лас-Вегас полициясының шерифі Джозеф Ломбардо Стивен: «Пэддок барынша көп адамды өлтіріп немесе жарақаттауды көздеген ызалы адам. Ол музыканттардың концертіне жиылған жиырма мыңнан аса адамға қонақүйдің 32-қабатынан оқ жаудырды. Атуға 30-40 магазин оқ жұмсаған. Қанішер өзін тоқтатуға келген полицияға да оқ атып, сосын өзін-өзі өлтірді. Атыс салдарынан қазіргі мәліметтер бойынша, кемінде 59 адам өліп, 527 адам жараланды. ДАИШ ұйымы бірден Стивен Пэддокты өз адамы ретінде көрсетіп, қантөгісті мойнына алды. Бірақ Федералды зерттеу бюросы оның аталған террорлық ұйыммен байланысын таба алған жоқ»,— дейді. Пэддоктың бұл қантөгісті не мақсатпен ұйымдастырғаны әзірге белгісіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз