ТАСС: «Еурокомиссия (ЕК) 1-і қазан күні Каталонияда өткен тәуелсіздік жөніндегі референдумды заңсыз деп таныды. Бұл туралы ЕК ресми өкілі Маргаритис Схинас мәлімдеді»,— деп хабарлайды.  Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Схинас:  «Испания конституциясына сәйкес, Каталониядағы кешегі дауыс беру заңсыз өтті. Біз, сондай-ақ, Еурокомиссияның заңды позициясын растаймыз: егер референдум испан конституциясына сай өткенде, онда бөлінгелі отырған аймақ Еуроодақтан шығып кетер еді. ЕК басшысы Жан-Клод Юнкер енді Испания премьер-министрі Мариано Рахоймен Каталониядағы жағдайды талқылайды.», —деп атап өтті.  Айта кетсек, Каталонияның тәуелсіз ел болуын сайлаушылардың 90,09 пайызы қолдаса, 7,87 пайызы қарсылық білдірген. Референдумға дауыс беруге құқылы халықтың 50 пайыздан астамы келіп, оған 2,2 млн-ға тарта адам қатысты. Референдум кезінде сайлаушылар мен полиция арасында қақтығыс болды. Салдарынан 893 сайлаушы мен 33 полицей зардап шекті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз