Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақшев: «Халық пен кәсіпорындардың баға өсімін күтуі инфляцияның басты себебіне айналып отыр. 2017 жылдың тамызында инфляциялық күтілімнің сандық бағасы бір жыл бұрынғыдан 6,5 пайыз болды. Келесі жылдан бастап Ұлттық банк мақсатты бағдарларды кезең-кезеңімен төмендетуге көшеді. Осыған байланысты инфляциялық күтілімді одан ары тұрақтандыруға қол жеткізу қажет. Яғни, 2020 жылға қарай инфляция деңгейін 4 пайыз мөлшеріне жеткізу керек. Ұлттық банк осы жылдың қорытындысында инфляция мақсат дәліздің ішінде 6-дан 8 пайызға дейінгі аралықта қалады деп күтеді. Бұған қоса, Ұлттық банк 2018 жылға инфляция бойынша мақсатты бағдарды біршама төмен мәнде, яғни 5-ден 7 пайызға дейінгі аралықта бекітті. Инфляциялық таргеттеу режімі аясындағы ақша-несие саясатының барлық шаралары аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған»,— деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз