Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2017 жылдың 3 қазанынан бастап екінші деңгейлі банктер 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айырбастауды тоқтататынын хабарлады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлім етті. Сонымен қатар, аталған банкноттар Ұлттық банктің барлық филиалдарында 2020 жылдың 3 қазанына дейін комиссиялық төлемсіз немесе айырбастау төлемінсіз айырбастау үшін қабылданатын болады. Аталған мәселеге байланысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын қорғау және ішкі байланыс басқармасының телефондарына: +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 және қолда бар ақшамен жұмыс жөніндегі басқарманың телефондарына: +7 (727) 270 45 69 хабарласып, ақпарат алуға болады. Дұрыс-ақ, бірақ жалпақ жұрт құзырлы органның екінші деңгейлі банктер айырбастамайды, Ұлттық банктің барлық филиалдары айырбастайды деген «жаңылтпашының» қайсысына сенуі керек, мәселенің мәні осында болып тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз