Күз мезгілінде қыстың қамын ертерек ойлағанымыз жөн. Қазірден бастап тосап пен түрлі салат дайындап қоятын болсақ, қыста рахаттана отырып жейтін боламыз. Осыған орай, назарларыңызға қысқы салатты ұсынуды жөн көрдік.

Қажет азық-түліктер:
1,5 кг қызанақ; 1,5 кг баялды; 700 г болгар бұрышы; 500 г сәбіз; 6 мл өсімдік майы; 1 бас сарымсақ; 5 г қант; 30 г тұз; щы бұрыштың 1/3 бөлігі.
Дайындалуы: Қызанақты еттартқыштан өткізіп, қалған көкөністерді үлкен етіп кесеміз. Кесілген баялдыны тұздаймыз. Сарымсақты майдалап тураймыз. Қазанға өсімдік майын құйып, бәдіні қуырамыз. Арада 15 минут өткен соң, бұрыш пен сәбізді саламыз. Мұны тағы 10 минут қуырамыз. Тұз бен қант, томат салып, 45 минут бұқтырамыз. Соңында сірке қышқылын, сарымсақты және ащы бұрышты қосамыз. Дайын болған салатты банкілерге салып, суығанша жылы орап қоямыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз