Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бензин тапшылығына қатысты: «Ертеректе бізде баға жоғары болғандықтан  Ресейге кетеді десек, енді Ресейдегі баға жоғары болғандықтан «көлеңкеде» сатылуда дейміз. Яғни, үнемі сылтау әйтеуір. Сондықтан мен мұнымен келісе алмаймын. Мұның барлығын сылтау және өзінің тікелей лауазымдық міндетінен жалтару деп бағалаймын. Бұл үшін жауапкершілік болуы тиіс. Сондықтан да мен келесі шешімдерді қабылдаймын. Біріншіден, Үкімет мүшелеріне ықпал ету тәртіптік жазаларын ел Президенті қабылдайтын болғандықтан, мен бүгін Мемлекет басшысының атына Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсынысхат енгіземін. Екіншіден, вице-министрлерге қатысты құзірет өзімде. Сондықтан мен бензин нарығын ырыұқтандыра алмағаны үшін вице-министр Әсет Мағауовқа қатысты оны лауазымды қызметінен босату туралы шешім қабылдаймын. Сондай-ақ, өз міндетін тиісті деңгейде орындай алмаған «ҚазМұнайГаз» ҰК» басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Берлібаевтың өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауды  қажет деп білемін. Кеңсе бүгін Үкіметтің сәйкесінше шешімін қабылдасын»,— деп, лауазымды шенеуніктерге қырғидай тиді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз