Палата отырысында бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша заң жобасы таныстырылған еді. Жаңа түзетулерде бюджет қаржысы игерілмесе, оған бірінші басшы жауапты деген норма өзгертілген. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовктің жауапкершілікті өзінен алып тастағанын байқаған ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мұнымен келіспей: «Бюджет қаржысы игерілмесе, бірінші басшыдан сұралады, сондықтан жауапкершілікті өзгеге аудармау керек. Бұл міндетті Елбасының өзі қойған. Қаржының игерілуіне облыс әкімі мен министр жауапты. Дұрыс игерілмесе, ақша ұрланса, мақсатты жұмсалмаса, мемлекеттік органның бірінші басшысы жауап береді, бірақ сіз жуапкершілікті бюджеттік бағдарлама жетекшісіне аударғыңыз келеді»,— деп, зекіп тастады. Депутаттар квазимемлекеттік саланың қарызы бойынша енгізілген түзетулермен де келіспеді. Жаңа заң жобасында аталған сектордың қарыздарын министрлікпен келісу керек деп жазылған. Ал бұл норма осыған дейін Үкімет бақылауында болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз