Желіде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Порошенкомен кездесу кезіндегі баспасөз-конференциясында ұйықтап кеткен видеосы пайда болды. Аталған видео Twitter желісінде пайда болған-ды. Баспасөз конференциясы кезінде Ердоған есінеп, көзі ілініп кете берген соң, Петр Порошенко тіпті бірнеше рет үстелді тарсылдатып, оның назарын аударуға күш салған. Порошенконың баспасөз хатшысының айтуынша, Украина мен Түркия президенттерінің арасындағы келіссөздер жоспарланған қырық бес минуттың орнына үш сағатқа жалғасқан. Еске салсақ, Тайып Ердоған ресми сапармен Киевке 9-ы қазан күні жеткен. Екі ел басшылары бірқатар құжаттарға қол қойып, 2017-2019 жылдарға арналған екіжақты байланыстарды дамытуға арналған жоспарларды қарастырған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз