Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады.  Кездесуде Елбасына әлемнің үздік тәжірибелерін пайдалану арқылы құрылып жатқан халықаралық қаржы орталығын іске қосуға әзірлік жұмыстары жөнінде, 2018 жылғы қаңтарда ашылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығының Тәуелсіз соты мен Халықаралық арбитраждық орталықтың нормативтік құжаттарын дайындау жұмысы аяқталғаны туралы баяндалды. Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов  орталықты дамытудың мемлекет басшысына негізгі бағыттары жөнінде мәлімдеп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жоғары технологиялық биржасын құру барысы туралы,  қазіргі уақытта Шанхай қор биржасымен және Nasdaq Inc. компаниясымен қаржы орталығын одан әрі қалыптастыруға және дамытуға септігін тигізетін келісімдерге қол қойылғанын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Кемібетовке бірқатар нақты тапсырма берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз