Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің басқарма басшысы Ермек Әбуов осы ведомство қабырғасында өткен брифингте: «Ет бағасының арзандау мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Себебі, биыл елімізде мал мен құс басы артып, сәйкесінше ет мөлшері көбейді. Ет бағасының қымбатшылығына келсек, оның себептері:  біріншіден, соңғы жылдары халық санының өсімі жақсарып отыр. Халық саны артқан сайын етке сұраныс та мол. Екіншіден, өндірушілер өз өнімін өндіреді, бірақ ол әрі қарай делдалдар арқылы сатылады. Сондықтан да еттің бағасы өсіп тұр. Біз, әрине, өнім өндірушілермен жұмыс жасаймыз. Олар: «Ірі қара малдың етін 1200-1350 теңгеден асырып отырған жоқпыз»,— дейді. Ал сөрелердегі бағалар 2 мың теңгенің үстінде, яғни шарықтап тұр. Сондықтан, қымбатшылыққа өнім өндірушілер емес, делдалдар кінәлі. Дегенмен,  АШМ осы салада жұмыс атқарып жатыр. Ол жұмыстар коммуналдық базарлар арқылы жүзеге асырылуда. Ол жердегі баға басқа базарларға қарағанда 25-30 пайызға арзан. Бірақ, барлығы бірдей, мысалы, шалғайдағы шаруа қожалықтары өнімдерін ол жерлерге алып келіп, өткізе алмайды. Сондықтан, бұл істе жергілікті атқарушы органдар да атсалысу керек. Ет бағасының артуы иә арзандауы — нарыққа байлансты, ол біздің құзырымызда емес»,— деген ақпарды алға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз