Ирактағы жағдай мен Трамптың Иран туралы сөзінен кейін әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттай бастады. Мәселен, Brent маркалы мұнайдың солтүстік теңіз мұнай қоспасының желтоқсандағы фьючерсінің құны 1,05%-ға өсіп, 1 баррель бағасы 57,77 долларға дейін жеткен. Ал, WTI маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерсі 0,82% өсіп, мұнайдың 1 баррелі 51,87 долларға қымбаттады. Жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтарға үндеуінде Иранның ядролық бағдарлама бойынша келісімді сақтап отырғанын конгреске ресми растаудан бас тартты. Алайда бұл ретте Иранның ядролық мәміле бойынша уағдаластықты сақтауы мәселесін халықаралық деңгейде талқылауға ниет білдірген жоқ. Сонымен қатар, АҚШ президенті Иранмен халықаралық келісімдегі «өрескел кемшіліктерді» Ақ үй конгресспен бірге қарастыратынын және АҚШ терроризмді қолдағаны үшін Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізетіні жөнінде айтса, дүйсенбі күні Күрдістан Қауіпсіздік кеңесі Ирак күштері мен үкіметке қарайтын шииттік «Әл-Хашд аш-Шааби» жасақтары Киркукке жақын әскери базаны, мұнай кенішін басып алып, қалаға бақылау орнату үшін шабуылға шыққанын хабарлаған-ды. Таяу Шығыстағы толқулар өнімді жеткізуге қатысты кідіріс туғызуы мүмкін болғандықтан, бұл мұнайлы елдер мен әлемдік нарықта алаңдаушылық туғызуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз