Қырғызстанның шекарадағы жағдайға қатысты Қазақстанның үстінен Еуразиялық экономикалық комиссияға шағымдануына қатысты пікірін білдірген ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов: «Кез келген тараптың кездесіп, талқылау мақсатындағы бастамамен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске шығуына құқығы бар. Бірден айта кетейін, Жоғары экономикалық кеңесте, үкіметаралық кеңесте, комиссия кеңесінде шешім сөзсіз ортақ мәмілемен қабылданады. Егер тараптардың бірі ұсынылған шешіммен келіспесе, ол қабылданбайды. Сондай-ақ, кез келген ел өзінің экономикалық және басқа да мүдделерін қорғау кезінде ішкі шараларды қолдана алады. Менің ойымша, шекарадағы жағдайды саясиландыруға қажеттілік жоқ. Біздің және қырғыз тарапының барлық мүдделі ведомстволары арқылы жедел жұмысты жалғастырып, проблемаларды шешуге тырысу қажет. Біз өз заңнамамыздың және Еуразиялық экономикалық одақ міндеттемелерінің шеңберінде іс-қимыл жасап отырмыз»,— дей келіп: «Қазақстан қандай да бір қарсы шараларды қолға ала ма, жоқ па?»— деген сауалға жауап бере алмайтынын мәлімдеп: «Бұл саяси сұрақ, мен бұған жауап бере алмаймын»,— деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз