Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан үкіметі делегациясымен болған кездесудің қорытындысын шығарды. Сағынтаевтың айтуынша, тараптар шекаралық, көлік қатынасы, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауға қатысты екі жақты экономикалық қатынастардың проблемаларын талқылаған. Сапар Исаков басшылық еткен Қырғызстан делегациясы Астанаға кеше кешкілік келіп жеткен болатын. Делегация құрамына бірінші вице-премьер-министр Толқынбек Абдығұлов, Сыртқы істер министрі Эрлан Әбділдаев, Қаржы министрі Әділбек Қасымалиев, Экономика министрі Артем Новиков, Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Азамат Сүлайманов кірген. Оған қоса, Астанаға Мемлекеттік салық қызметінің төрағасы Октябрь Әбдықаимов, экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің төрағасы Замирбек Осмонов, Мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы Медетбек Айдаралиев, Мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары Құрманбек Исаков және басқалар да келген-ді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз