Президенттік мерзімі аяқталуға жақын қалған Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстан және елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы айтқан сөзі үшін кешірім сұрап: «Қазақстан президенті жайлы қызбалыққа салынып айтқаным дұрыс болмады-ау. Соңғы күндері осы жайлы ойландым»,— депті екі ел арасындағы ахуалға пікір білдірген Атамбаев. Сонымен қатар Қырғызстан президенті барлық көрші мемлекетпен бейбіт қарым-қатынаста болудың маңыздылығын атап өтсе керек. Айта кетейік, Атамбаев мұндай мәлімдемені Бішкекте өткен президенттік шәкіртақыны табыстау рәсімінде жасаған-ды. Естеріңізде болса, Алмазбек Атамбаев бұған дейін Қазақстанның экономикалық жағдайына қатысты пікір білдірген еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз