Әйел — керемет жаратылыс иесі. Қайдан, қашан көшіріп сақтап қойғаным есімде жоқ, компьютерімдегі құжаттардың арасынан тауып алдым. Әр әйел өзінің ғажап жаратылысын бағаласын, ал ер-азаматтар жарына деген құрметін арттырсын деген мақсатта редакцияға жолдап отырмын. Оқыңыз, оқырман, ойланыңыз!
Құдай әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан періште: «Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың?» — деп сұрайды. Алла: «Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе?» Ол 200-ден астам қимыл әрекетін білуі керек, кез келген тағамның дәмі мен иісін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен ғана жасай алады. Періште таңқалды.
«Бар болғаны екі қолымен бе?!» Мүмкін емес. Бір күнге тым көп жұмыс екен. Қоя сал, ертеңгі күні бітіресің», — дейді періште. «Жоқ, мен өзімнің ең сүйікті жаратылысымды бітіруге аз қалдым. Егер ауыра қалса, бұл өз-өзін емдеп жазып, 18 сағаттан жұмыс жасай алатын болады», — дейді Алла.
Періште әйелге жақындап келіп, оны саусағымен түртіп көреді. «Бірақ, Алла, сен мұны сонша нәзік етіп жаратқансың!». «Иә, ол өте нәзік, — деді Алла, — … сонымен бірге ол өте күшті! Сен тіпті оның нені көтеріп, нені бағындыра алатынын көз алдыңа елесте де алмайсың!».
«Ал ол ойлана алады ма?» — деп сұрады періште. «Ол тек ойланып қана қоймайды. Ол сендіре де, келісімге де келе алады». Періште әйелдің бетін сипады. «Бұл жаратылыс терлеп тұр ғой! Шамасы сен оған көп ауыртпалық берудесің». «Ол терлеп тұрған жоқ, бұл көз жасы ғой», — деп дұрыстады Алла періште сөзін. «Бұл сонда не үшін?» — деп сұрады періште. «Ол қайғысын, күдігін, махаббатын, жалғыздығын, қасіреті мен қуанышын осы көз жасымен білдіреді».
Періште қатты әсерленді. «Алла, сен шынында да данасың! Сен бәрін ойлағансың… Әйел шынында да керемет жаратылыс екен». «Иә, шынында да бұл солай! Әйелде еркекті бағындыра алатындай күш бар. Ол өмір тауқыметімен күрессе де, қасіретін көтере де алады. Ол бақыт, махаббат, қуаныш алып келеді. Ол айқайлағысы келсе күледі, жылағысы келсе ән айтады. Бақытты кезінде жылайды, қорыққан кезінде күледі. Сенгені үшін күреседі, әділетсіздікке қарсы тұрады. Жақындары үшін жанын береді. Балаларының бақытына қуаныштан жылайды. Достарының табысына қуанады. Жүрегі қайғыдан қақ айырылса да, өмір сүруі үшін өз бойынан қуат таба алады».
Міне, әйел деген осындай ғажап, ғажайып жаратылыс. Бағалаңдар әйелді. Құрметтеңдер, жылатпаңдар оларды!

Зухраның хатынан, ОҚО

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз