ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі берген 2017 жылдың 20 қазанындағы жедел мәліметтерге сәйкес, егілген алқаптың 99,8 пайызы жиналып, 3,5 млн тонна картоп алынды. Жергілікті атқарушы органдардаң мәліметінше, 2017 жылы картоптың егіс танабы 179,6 мың гектарды құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 1,6 мың гектарға кем болды. 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында республикадан экспортталған картоптың жалпы көлемі 107,4 мың тоннаны құрап, 17,4 млн АҚШ долларына бағаланды. Картоп экспортталған негізгі ел Өзбекстанға 106,6 мың тонна картоп (17,3 млн АҚШ доллары) жіберілді. 2017 жылдың қазан айынан бастап Өзбекстан тарапынан картопқа деген сұраныс күрт төмендеді, себебі, өздерінде егін жинау науқаны басталды. Статистика мәліметтеріне сәйкес, маусым-қыркүйек аралығындағы өндірушілер бағасы келісіне 49 теңгеден болды, сонымен қатар, бөлшек сауда бағасы келісіне 162 теңгеден 99 теңгеге дейін төмендеді. 2016 жылдың осы кезеңінде өндірушілер бағасы келісіне 47 теңгеден 45 теңгеге дейін, бөлшек сауда бағасы 106 теңгеден 81 теңгеге дейін төмендеген. Осылайша, былтырғы жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда, өндірушілер бағасының өсімі 8,9 пайызды, бөлшек саудада өсім 22 пайызды құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз