Ақтөбе қаласында алматылық «Қайрат» пен «Атырау» футбол клубы Қазақстан Кубогы жүлдесін сарапқа салды. Кездесу аса тартысты өтті. Әу бастан-ақ халық командасы саналып кеткен «Қайрат» басты үміткер деп танылғанымен, атыраулықтар азулы қарсыласына табанды қарсылық көрсете білді. Тіпті оңтүстік астана командасы қанша күш салғанмен, қарсыластарының тасқамал қорғанысын бұзып-жарып өте алмай, шабуылдары үнемі тойтарысқа ұшырап жатты. Дегенмен, екінші таймда атағы да, тәжірибесі де мол Алматы қаласының командасы қарсыласына қысым көрсетуін арттырып, сондай қысылтаяң сәттің бірінде команданың бас голеодоры Жерар Гоу Нәзірқұлов қорғаған қақпадан саңлау тауып, ойындағы алғашқы есепті ашып үлгерді. Таблодағы есеп ойын аяғына дейін өзгермей, алматылықтар осымен сегізінші мәрте Қазақстан Кубогының иегері атанды. Алматылықтарды осынау екінің бірінің талайына жазыла бермейтін толағай табыстарымен құттықтаймыз!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз