Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы елімізде өтетін халықаралық іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізген кезде құқық қорғау құрылымдарының сапалы жұмыс атқарғаны үшін тағы да алғыс білдірді. Елбасы: «Мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізген кезде үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін алғыс айттым. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды, сондықтан көрмеге келген барлық қонақтар тарапынан жақсы баға берілді», – деді. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов еліміздегі қазіргі ахуал мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндап: «Ел ішіндегі ахуал тұрақты. Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде арнаулы және құқық қорғау қызметтері өз міндеттерін жоғары деңгейде атқара білді»,— деді. Соңында Қазақстан Президенті оған бірқатар нақты тапсырма берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз