Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша өңірлерде тұрғын үйлерді халықтың сұранысы бойынша салу қажеттігін айтып, облыс басшыларына ескерту жасап: «Аталмыш бағдарламаның статистикасына жүгінсек, өңірлердің арасында анти пропорция бар екенін байқаймыз. Яғни жоспарлау дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ. Өткен аптада ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депуттар халық тығыз қоныстанған өңірлерге мектепті аз саламыз да, ал халық аз өңірге керісінше істейміз деп ескерткен еді. Ааталған жағдай «Нұрлы жер» бағдарламасын орындау барысында да қайталанып отыр. Не болды? Алматы облысында пәтер алуға 37 мыңға жуық адам кезекте тұр. Өңірде жылдық жоспар бойынша 82 пәтер салу қарастырылған. Ал Қарағанды облысында пәтер алуға 35 мың адам кезекті күтуде. Онда жылдық жоспар бойыша 387 пәтер салыну қарастырылыпты. Маңғыстау облысында жағдай керісінше. Пәтер алуға 17 мың адам кезекте тұр, жылдық жоспар бойынша 1132 пәтер салу жоспарлаған. Ақтөбе облысында 26 мың адам кезек күтуде. Жылдық жоспар бойынша 2 600 пәтер салу қарастырылған. Осы жағдайды шешу керек. Әрине, өңірлерде тұрғын үйлердің көп салынғаны жақсы. Бірақ пәтерге сұраныс көп өңірлерде мүлдем құрылыс жүріп жатқан жоқ. Бұлай болмауы керек. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин), мәселені бақылауға алыңыз»,— деп тапсырма берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз