Үкiмет сағатында ҚР ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов: «Бағаны шарықтататын алыпсатарлармен күресу қажет. Себебi, бүгiнгi күнi азық-түлiк тауарларын өндiрушiлерден тұтынушыға жеткiзу стихиялы режимде жүзеге асырылады. Мысалы, жемiс-көкөнiс өнiмдерiн делдалдар фермерлерден және қосалқы шаруашылық иелерiнен тiкелей сатып алады. Ет өнiмдерi нарығында да осындай жағдай, онда көптеген ұсақ тауар өндiрушiлер өздiгiнен, санитарлық талаптарды сақтамастан, мал сойып, көтерме саудамен өткiзу үшiн еттi базарға тасымалдамайды. Алыпсатарлардың кесiрiнен баға екі және одан да көп есеге өседi. Бұл жағдайды өзгерту үшiн әр облыс орталығына көтерме-тарату орталықтары желiсi қажет. Көптеген елде мұндай тәжiрибе бар. Мысалы, Францияда «Ранжис», Испанияда «Меркаса» және Польшада «Бронише» көтерме-тарату орталықтары жұмыс iстейдi. Аталған орталықтар мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк қағидатымен (заттай жер гранты, инвестициялық субсидиялар, инфрақұрылым жүргiзу) құрылатын болады. Ол үшiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер, оның iшiнде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер мен кооперативтердiң өз өнiмдерiн өткiзу қызметiн көрсетуi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылданады. Елiмiзде ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамытудың және АӨК-тi мемлекеттiк қолдауды жетiлдiрудiң 10 картасы әзiрлендi және тағы 3 карта әзiрленiп жатыр»,— деген ақпармен бөлісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз