«ҚазМұнайГаз» компаниясы жанармай нарығындағы құнның құбылуына қатысты қатаң шараларды қолға алып, АИ-92 маркалы бензиннің бірыңғай бағасын белгілеген көрінеді. Негізі еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығындағы қор Ресейден жеткізіледі. Ал оның өзіндік құны 161 теңгеден жоғары болып шықты. Бірақ өнімнің құнын төмендету мақсатында қазақстандық компания орталық аппараттағы штат санын қысқартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне биыл сыйақы мен бонустық төлемдер төленбейтін болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз