Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кітапханасы – ғасырға жуық отандық ғылымның дамуы жолында үздіксіз қызмет атқарып келе жатқан,еліміз бойынша әдебиеттердің бай қоры жинақталған қара шаңырақ. Жақында кітапхана қызметкерлері өз оқырмандарына арнап «Ақпараттар күні» іс-шарасын ұйымдастырды. Шара аясында бас оқу залында ғылымның барлық салалары бойынша келіп түскен жаңа әдебиеттер көрмесі ашылды. Көрмеге ағылшын тілінде «InterBook», «InterPress Commerce» баспаларынан шыққан әдебиеттер, Ресейлік «Лань», «Планета музыки» баспаларынан шыққан әдебиеттермен қоса, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары оқу орындары қауымдастығы арқылы мемлекеттік тілде шығарылған Кокс Мартин, Майкл Акритас, Хью Янг, Алан Брайнан, Роберт Харди сынды белгілі авторлардың теориялық статистика, адамзат географиясы, университет физикасы, әлеуметтік зерттеу әдістері бойынша оқулықтары қойылды. Көрме оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер арасында үлкен қызығушылық туғызды. Пайдаланушыларға түрлі ақпараттық-библиографиялық кеңестер берілді.
Келушілерге электрондық кітапхана бойынша презентация көрсетілді. Оның барысында ғылыми кітапхананың ішкі және сыртқы электрондық ресурстар қоры, оларды пайдалану әдістері жан-жақты көрсетілді.
Іс-шара аясында еңбегімен ерекшеленген кітапхана қызметкерлеріне университет ректоры Т.О.Балықбаевтың атынан грамоталар тапсырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз