ОКҚ-да өткен баспасөз мәслиxатында журналистердің: «Мемлекет басшысы облыс әкімдеріне өз командасын жинауға тыйым салды. Соңғы кезде аудан әкімдері ШҚО, оңтүстіктен тағайындала бастады. Бұл жергілікті ақтөбелік кадрлар жұмыс істей алмайды деген сөз бе?»,— деп қойған сауалына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев: «Ақтөбеде білікті кадрлар жоқ,  олар жұмыс істей алмайды деп айта аламаймын. Бізге берілген тапсырма бар. Ең бірінші экономиканы дамыту керек. Сол арқылы xалықтың тұрмысын жақсартуымыз керек. Өз басым кадрларды Шығыс Қазақстаннан, оңтүстіктен әкелмеймін. Меніңше, біз шығыс иә  оңтүстік деп бөлуді қоюымыз керек. Сол себепті, қолынан іс келетіндер жұмыс жасауы керек, билікке соларды тағайындау қажет. Мәселен, менің орынбасарларым, департамент басшылары арасында басқа өңірден әкелінгендер жоқ, бәрі жергілікті кадрлар — ақтөбеліктер»,— деп жауап берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз