Ақордада Қазақстан мен Иордания тараптары қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы бiрқатар келiсiмге қол қойды. Атап айтқанда: «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдiгi арасында Адамдарды ұстап беру туралы келiсiм», «Қазақстан Республикасы мен Иордания Корольдiгi арасында Сотталған адамдарды беру туралы келiсiм», «Қазақстан Республикасы мен Иордания Корольдiгi арасында Қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келiсiм», «ҚР Үкiметi мен Иордания Үкiметi арасында Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларлың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм», «Қазақстан Үкiметi мен Иордания Үкiметi арасында терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, олардың прекурсорларының заңсыз айналымына және қылмыстың өзге де түрлерiне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм» сияқты бiрқатар екiжақты кұжаттар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз