ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында осы сауалға жауап берген Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев: «Инфляция 2017 жылдың қаңтар мен қыркүйек айларында 4,3 пайыз болды. Жылдық көрсеткіш 7,1 пайызды құрады. Алайда Ұлттық банк қазан айында инфляцияның мөлшерінің өсуін қайта қарады. Нәтижесінде елімізде жанар-жағармай, көмір және көкөніс бағаларының өсуіне байланысты инфляция да өскен. Аталған тауарлар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс бар. Жылдың соңына дейін инфляция деңгейі 6-8 пайыз мөлшерінде сақталады»,— деді.  Бұдан басқа Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы ірі банктерді қолдау бағдарламасының басталғаны туралы да сөз қозғады. Оның сөзіне сенсек, бағдарламаға 500 млрд теңге жұмсалуы мүмкін. Бағдарламаның мақсаты – жұмыс істемейтін кредиттер проблемасын шешу. Осы орайда төраға: «Аталған бағдарламаға өтініш білдірген 4 банк: Еуразиялық банк, Цесна банк, БанкЦентрКредит, АТФ банк. Олар 410 млрд теңге көлемінде қаржылай көмекке ие болды. Дегенмен оларға ақша бірдей көлемде берілген жоқ. Мысалы, әр банктегі қаржылық проблемаларға негізделіп, соның көлеміне байланысты берілді», — деп атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз