ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырсында алдағы жылдарға арналған бюджет жоспарында мемлекеттік бағдарламаларға қанша қаржы бөлінетінін айтқан ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов:  «Бюджеттің шығыс бөлігін түзету үш негізгі бағыт бойынша іске асырылды. Бірінші – Мемлекет Басшысының бастамалары мен тапсырмаларын және еліміздің халықаралық міндеттемелерін іске асыру. Олардың ішінде: 4,2 млрд теңге Президенттің Рухани Жаңғыру бойынша бастамасын іске асыруға бөлінеді; 33,1 млрд теңге əскери және ішкі істер органдарының қызметкерлерінің бұрын көтерілген жалақыларын қаржыландыру үшін көзделеді; 22,2 млрд теңге «Назарбаев университетінің» екінші және үшінші іске қосу кешендерінің құрылысын аяқтауға және академиялық блокты кеңейтуге бағытталды; 20 млрд теңгені халықаралық көрмеден кейінгі іс-шараларды өткізуге және ЭКСПО аумағындағы ғимараттарды жаңа офистерге өзгерту жұмыстарын тездетуге жұмсау ұсынылады. Екінші бағыт бойынша ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт есебінен іске асырылатын іс-шаралар мен жобаларды түзетуге 73 млрд теңге қарастырылған. ҚР Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң шешіміне сәйкес, қосымша қаражатты келесі бағыттар бойынша қайта бөлу ұсынылады: Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушы паромдарын пайдалану жобасының 2-кезегіне — 16,9 млрд теңге; өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз етуге — 20 млрд теңге; жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасын іске асыруға — 10 млрд теңге көзделеді»,— дей келіп, сөзінің соңында: «Үшінші бағыт бойынша ағымдағы жылдың қаражатын экономиканың басым бағыттарына қайта бөлу қарастырылыған. Мәселен, нақты секторды қолдау бойынша, қайта бөлу 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік инфрақұрылымын және жылу энергетикасын дамыту сияқты салаларға жалпы 60 млрд теңге қарастырылған. Өңірлерді нығайту бағытына 35,2 млрд теңге қайта жіберіледі»,— деген деректерді алға тартты. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, биылғы бюджеттің негізгі параметрлері өзгеріп, бюджет түсімдері 62,9 млрд теңгеге ұлғайып, 9 трлн 691,5 млрд теңгені құраған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз