Алматы облысының әкімі Амандық Баталов: «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлер коропорациясы тарқатылған соң 18 сервистік дайындау орталығы құрылды. Жекелеген шаруа қожалықтарының арқасында әр гектардан 500-700 центнерге дейін өнім алдық. Биыл 9 мың гектар жерге егілген қант қызылшасынан 35 мың тонна қант өндіру жопарланып отыр. Осындай өнім алсақ, өңірдің қантқа деген сұранысын толықтай жабамыз»,— деп мәлімдеді. Алматы облысында үш жыл қатарынан жаңартылған Көксу қант зауыты мен 10 жылдан кейін биыл қайта іске қосылған Ақсу қант зауыты жұмыс істейді. Өңір басшысы ендігі мақсат облыстың ғана емес, еліміздің қантқа деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету екенін атап өтті. Дегенмен қазақстандықтар тұтынатын қанттың 90-97%-ы шетелден әкелінетінін жасырмады «Қант өндірумен айналыса бастағанда сұраныс көлемін зерттедік. Қазақстан халқы жылына 489 мың тонна қант тұтынады. Қанттың 90-97%-ы импорттікі. Алғашқы жылы 4 мың гектар жерге, екінші жылы 6 мың гектарға, биыл үшінші жылы 9 мың гектарға қант қызылшасын ектік. Көксу қант зауыты жылына 200-250 мың тонна қант қызылшасын өңдей алады. Ал Ақсу қант зауытының 300 мың тоннаға дейін қант қызылшасын өңдейтін қуаты бар. Егер қазақстандықтар жылына 500 мың тонна қант тұтынатын болса, біз сұраныстың 10-20 пайызын қанағаттандыра аламыз. Қант жетіспеушілігі болмас үшін бұл саланы дамыту керек. Жаңа зауыттар қажет. Жұмыс істеп жатырмыз. Қант зауыттарында он мыңдай өңір тұрғындары жұмыс істейді. Олар тұрақты жалақы алады. Бұл – өте тиімді», — де,  облыс әкімі өз сөзін түйіндеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз