Indian Express: «Үндістанның Амбайогай штатында денесі бір, ал бастары бір бөлек сиам егіздері дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, 3,7 келі болып дүниеге келген балалардың өкпесі мен жүректері бөлек болса, бауыр мен басқа органдары бір екен»,— деп хабарлады. Свами Рамананд Теерт госпиталінің гинекологиялық бөлімінің басшысы, дәрігер Санджай Бэнсод: «Сәбилердің дүниеге келген сәтінен бастап тыныс алуымен қиындықтар болып, оларды жасанды демалу аппаратына қосып қойдық. Сәбилерді ота жасап ажыратып, өмірлерін сақтап қалу мүмкін емес. Олар бір күн өткен соң шетінеп кетті. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Сиам егіздерінің 10% -ында ғана кездеседі»,— дейді. Сәбилердің дамуында ауытқушылық бар екенін дәрігерлер тек жүктіліктің жетінші айында ультрадыбыстық зерттеу кезінде анықтаған. Әйел балаларды алдыртып тастамады. Сәбилер кесарева тілігі арқылы өмірге келген. Қазір әйелдің денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз