Мемлекеттік қызметкерлердің қымбат автокөлік сатып алуына қатысты пікір білдіріп, журналистерді бұл мәселемен «бас қатырмауға» шақырған Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко: «Халықпен бір дәрежеде болу үшін мемқызметкерлердің барлығын арбаға немесе автобусқа отырғызып қояйық ендеше. Сонда сіздер барлығының жоғары лауазымды шенеуніктерге сай келмейтін көлікпен жүргенін қалайсыздар ма? Күллі әлем осындай автокөліктермен жүретінін түсіну керек. Қымбат көлік аса сыйлы қонақтарды күтіп алу үшін қажет. Мұндай жауапты сәттерде қарапайым темір тұлпармен жүрсе, елдің атына кір келеді. Мемлекеттік қызметкерлер — еліміздің бет-бейнесі. Сіздерге ұнамады екен деп шетелден келген билік өкілдерін және Араб Әмірлігінің шейхтарын «Калина», «Приора» секілді көліктерге отырғызып тасиық ендеше», — деп кейіді.  Осы жерде көкейге: «Ондай көліктерге отырса, сыйлы қонақтар хандығынан түсіп қала ма? Бәлкім, онда үкіметке сондай сыйлы қонақтарды қарсы алатын «арнайы» қымбат көліктер, тіпті болмаса аз орынды ұшақтар алғызу керек шығар. Шенеуніктер арланса, қымбат көлікті өз ақшаларына неге сатып алмайды?»— деген заңды сауал келіп кептеледі екен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз