Біліп едім…

Қытайлық еркек пен африкалық әйел шаңырақ көтеріпті. Содан қара нәсілді әйел дүниеге сәби әкеліпті. Өкінішке орай, нәрестесі екі айдан кейін шетінеп кетіпті.
Жерлеу кезінде әйел қайта-қайта:
— Біліп едім, біліп едім! — деп айта беріпті.
Сөйтсе, қасындағылар:
— Нені біліп едің? — деп сұрапты.
— Қытайдың өнімдері ұзаққа бармайтынын біліп едім, — деген екен.

Тағы да қақ!

— Әке, мына кілемді қағып жатып бес жүз теңге тауып алдым. Не істесем екен?
— Тағы да қақсаңшы, ақымағым-ау!
Ерекше алма

Базарда бір кемпір алманың әр данасын жүз теңгеден сатып отырады. Кезекті бір адам келіп одан:
— Апа, мұныңыз сонша неге қымбат? — деп сұрапты.
— Себебі бұл радиактивті алма.
— Алушылар бар ма?
— Әлбетте, біреулер әйеліне, біреулер қайын енесіне алады, — дейді кемпір.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз