Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың ЕАЭО-ға және Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы жағдай туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірдген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер парақшасында: «Атамбаевтың тағы да Қазақстанға лас шабуыл жасап, жындана сөйлеуі нағыз тату көршілердің ынтымағына зиян тигізеді. Үлкен саясатта мұндай эмоцияға орын жоқ. Қырғызстанға блокада жасалып жатқан жоқ. ЕАЭО-ның шарттары мен талаптарын орындау керек. Келіссөздің тақырыбы осы ғана»,— деп жазды